• RUB:
    4.88
  • USD:
    441.8
  • EUR:
    480.02
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Желтоқсан, 2021

Қазақстанда 109 амбулаториялық-емханалық нысанның құрылысы басталды – ДСМ

154 рет
көрсетілді

Қазақстанда медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылы еліміздің өңірлерінде 109 амбулаториялық-емханалық нысанның құрылысы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жалпы, бүгінгі таңда халыққа медициналық қызметтерді 7 мыңнан астам амбулаториялық-емханалық ұйым көрсетеді, оның ішінде мемлекеттік 59%, жеке меншік - 41%.

Жалпы практика дәрігерлерінің 12 мыңнан астам учаскесі ашылды. Қант диабеті, гипертония және созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бойынша ауруларды басқару бағдарламасын іске асыру жалғасуда.

Бұл бағдарламаға динамикалық бақылаудағы пациенттердің 55%-ы қатысады. Қазіргі уақытта алғашқы медициналық-санитарлық көмекті қаржыландыру денсаулық сақтауды қаржыландырудың жалпы көлемінің 52,4%-на дейін жеткізілді. Бұл көрсеткіш 60%-ға дейін жеткізіледі.

Осылайша, қымбат стационарлық емдеуден аурулардың алдын алуға көшу жүзеге асырылады.