Башқұртстан республикалық мемлекеттік автоинспекция баспасөз қызметінің жедел мәліметтері бойынша, 26 желтоқсанда Кармаскалин ауданында Уфа-Орынбор автожолының 47 шақырымында 22 көлік соқтығысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Башинформ сайты жазады.
Апаттан бір адам қаза тапқан.
«Ауруханаға бес адам жеткізілді. Қазір оқиға орнында мемлекеттік автоинспекция қызметкерлері мен басқа да шұғыл қызметтер жан-жақты көмек көрсетуде. Уфа бағытында қозғалыс жабылды, қарсы жолақ арқылы айналма жол ұйымдастырылды», деп хабарлады БР жол полициясы.
БР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, апат болған жерде жол полициясының үш экипажы, сондай-ақ «Дортрансстрой» ЖШС-нің үш арнайы техникасы және Ресей ТЖМ қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Сонымен қатар, ТЖ жөніндегі республикалық мемкомитет жүргізушілерге ауа райы тұрақтанғанға дейін Туймазин ауданына барудан бас тартуды ұсынды.
26 желтоқсан күні таңертең М5 тас жолында 33 жеңіл және жүк көліктері қар құрсауында қалды. Серафимовский және Николаевка елді мекендерінің учаскесіндегі қар жауған жолдың салдарынан олардың барлығы қозғалысты жалғастыра алмады.