• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 27 Желтоқсан, 2021

Джошуа Усикке лайықты қарсылас емес – украиналық боксшы

295 рет
көрсетілді

Орта салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген украиналық кәсіпқой боксшы Евгений Хитров отандасы, аса ауыр салмақ дәрежесінде IBF, WBO, WBA тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Александр Усик пен ұлыбританиялық Энтони Джошуа арасында өтетін қарымта жекпе-жекке қатысты ойымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Мен о баста Энтони Джошуаның Александр Усик үшін ең оңай қарсылас екенін айтқанмын. Екеуінің арасында қарымта жекпе-жек өтсе, Александр Усик оны тағы да оңай жеңетініне сенімдімін. Өйткені Энтони Джошуа қатардағы ортаңқол боксшылардың бірі. Ал Александр Усиктің боксшы ретіндегі интеллектісі өте жоғары. Ол әрқашан өзін спорттық бабында ұстайды.

Иә, Александр Усик қарсыласын бірінші шайқаста балабақшаға қолынан ұстап апарды. Қарымта жекпе-жекте де жағдай тура солай болады. Александр Усик үшін ең қауіпті қарсылас – Тайсон Фьюри. Жұрттың бәрі осы кездесуді асыға күтіп жүр», дейді ол.