Алматы қаласында шағын өндірістік парктердің санын көбейту қолға алынды. Қазіргі уақытта мегаполисте төрт индустриалды парктің құрылысы белсенді жүргізіліп келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қалада БротМастер, ALAESTATE, Samruk Group, AsiaProm Textile және тағы үш жаңа өндірістік парктің құрылысы қолға алынды. Алматы мәслихатының депутаттары бұл аймақтық экономикада болашақта өсімді қамтамасыз ететін тетіктер саналады дейді.
Төрт шағын өндірістік парк құрылысының жалпы аумағы 13,4 мың шаршы метр. Олар Наурызбай, Алата және Түрксіб аудандарында салынып жатыр. Аймақтарға 32 кәсіпорын орналастырылған. Ол жерде кемінде 200 адам тұрақты еңбек етеді. Нысандар ертеректе тұрақтап қалған ғимараттарды жөндеуден өткізу есебінен іске қосылған. Өндірістік базалар, ТОО «Аlmaty Finance» ұсынған жеңілдік несиелерінің көмегімен құрылыс жұмысына 1,1 млрд теңге жеке инвестиция тартылған.
«Алматының үш аудана индустралды парктердің инфрақұрылымдық дамуына қосымша жаңа резиденттер тартылды. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен қолға алынған жобаның ерекшелігін атайтын болсақ, ең біріншіден инвесторлардың жеңілдіктер қарастырылған несиеге қол жеткізу болып табылады. Олар жеке қаржыларын бос тұрған немесе инфрақұрылымы қосылан жаңа нысандарға салып, істі дөңгелетіп отыр», деді Алматы қаласы мәслихатының хатшысы Станислав Канкуров.
Сонымен қатар үш шағын өндірістік паркті іске қосу көзделеді. ALAESTATE, KazStroyTrade – бірінші кезеңі, СитиБас. Бұл жерлерде тау кен саласы, жиһаз жасау және жеңіл өнеркәсіп саласының 30 кәсіпорны жұмыс істейтін болады.
«Бүгінгі күні қаланың әр ауданында қараусыз қалған ғимараттардың жерлері көз алдымызда қайта гүлденіп келеді. Кәсіпкерлер ескіні жаңартып, жаңа өндіріс ошақтарын іске қосуда. Индустриалды парктер Алматыдағы өндірістік кәсіпорындардың тартылыс орталығына айналды. Өйткені мұнда мыдаған жұмыс орыны ашылып, оншақты жаңа кәсіпорын бой көтеруде. Жеңілдіктер қарастырылған несиелер заң шығарушы және атқарушы биліктің тарапынан зор көмек саналады. Бұл жеңілдіктер бизнестің қаламызға қызығушылығын арттырары сөзсіз. Қазірдің өзінде өндірістік парктер жетістігінің сыры – бизнес пен биліктің бірлескен жұмсының нәтижесінде екені көрініп тұр», деді Алматы қаласы мәслихатының хатшысы.