• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Желтоқсан, 2021

Тоғызқұмалақтан топ жарды

459 рет
көрсетілді

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мекте­бінің 7-сынып оқу­шысы Малика Әсемханова тоғыз­құмалақтан V Азия чемпиона­тында үшінші орын алды. Ол 14 жасқа дейін­гі қыздар арасында бақ сынас­қан.

Ақтөбе қаласында өткен V Азия чемпионатына Қазақстан, Қыр­ғызстан, Ауғанстан, Үндістан, Қы­тай, Моңғолия, Түркия, Түрік­мен­стан, Ресей және Өз­бекстан мемле­кеттерінен 150-ге жуық спортшы қатысқан еді.

– Ұлттық спортпен 7 жасымнан айналыса бастадым. Адамның ойлау қабілетін дамытуға көмектесетіндігі қатты ұнады. Сонымен қатар әр жеткен жеңісім қанат­тандыра түседі. Алғаш тоғызқұмалақ үйір­месіне ата-анам алып келген. Сон­дықтан да Азия чемпионатындағы жеңі­сімді әке-шешеме арнадым. Менің осы дәрежеге жетуім солардың арқасы. Ал­ға қойған жос­парларым көп, – дейді Малика.

Малика бұған дейін де түрлі деңгейдегі жарыстарға қатысып, топ жарған. Мәселен, әр жылдары өтетін республикалық додада жүлделі І,ІІ,ІІІ орындарға ие бол­ғанын білеміз. Соның арқасында 2017 жылы «Спорт шеберлігіне үміт­кер» дәрежесін де орындаған. Ха­кім Абай жақсы көріп ой­наған тоғыз­құмалақ семейліктерге жақын спорт.

 

Семей