Ауыр салмақтағы UFC чемпионы Фрэнсис Нганну уақытша чемпион Сирил Ганмен өтетін жекпе-жекте өзінің жеңіске жететініне сенімді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Рас, Сирил Ган уақыт өткен сайын мықты спортшы екенін дәлелдеп келе жатыр. Оның талантты екендігіне ешқандай күмәнім жоқ. Алайда дәл қазіргі сәтте аса ауыр салмақтың шын мықтысы мен екенімді бәрі біледі. Қазір бәрі екеуміздің шайқасымыз туралы айтып жүр. 22 қаңтар күні мен оның аузын жабамын. Бір анығы аталмыш жекпе-жекте қарсыласымды оңай жеңетінімді білемін. Бәрі Сирил Ганды мақтап жатыр. Олардың сөзі менің күлкімді келтіреді», дейді спортшы.
Естеріңізге сала кетейік, Фрэнсис Нганну мен Сирил Ган 22 қаңтар күні UFC 270 турнирінде кездеседі. Мамандар екі мықты арасындағы шайқас тартысты болатынына сенімді.