• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Желтоқсан, 2021

Зейнеткерлерге ең жақсы жағдай жасаған елдер аталды

681 рет
көрсетілді

Freedom Finance Life өмірді сақтандыру компаниясының мамандары дүниежүзінде зейнеткерлерге ең жақсы жағдай жасалған елдерді және кейібір елдер зейнет жасын не үшін көтеретінін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҰҰ мәліметтеріне сәйкес, қазіргі сәтте әлемде жасы 60-қа келген адамдар саны 1 млрд. Ұйымның болжамы бойынша, COVID-19-ға қарамастан, жасы алпыстан асқан халық саны 2050 жылдары 1,5 млрд адамға дейін өсуі мүмкін.

Әр елдегі зейнетақы мөлшері

Орташа еңбекақымен салыстырғанда, ең үлкен зейнетақы Түркия, Жапония және Канадада.

Ең төмен зейнетақы төлемдері Оңтүстік Корея, Сингапур және Чилиде. Еңбекақыға зейнетақысының 2,64 коэффициенті теңестірілген елдер қатарында, Қазақстан 9 орында орналасқан.

Ел

Орташа еңбек

ақы, теңге

Орташа зейнетақы, теңге

Еңбекақыға теңестірілген зейнетақы коэффициенті

Түркия

224 900

198 800

1,13

Жапония

1 268 400

656 300

1,93                                    

Канада

1 647 000

827 000

1,99                                    

Италия

1 263 900

592 000

2,13  

Бразилия

202 600

94 000

2,16  

Израиль

1 593 700

732 600

2,18  

Франция

1 495 300

641 300

2,33  

Норвегия

2 388 300

1 006 000

2,37  

Қазақстан

263 900

100 000

2,64  

Кытай

503 200

171 400

2,94  

Австралия

1 728 400

566 500

3,05  

Ресей

298 400

94 000

3,17  

Ұлыбритания

1 414 200

400 700

3,53                                    

АҚШ

1 991 800

538 200

3,70  

Үнді

52 500

13 100

4,01  

Германия

1 932 000

444 000

4,35  

Швейцария

2 744 000

556 400

4,93  

Чили

563 000

109 400

5,15  

Сингапур

1 500 900

192 300

7,80  

Оңтүстік Корея

1 043 600

131 200

7,95  

Ашық ақпарат көзінің мәліметтері

 

Әр елдегі зейнет жасы

Ерлердің зейнет жасына келуі 60-67 жас аралығында құбылады. Әйелдердің жасы 58-67 аралығында. Түркияда зейнетке шығудың ең ерте жасы ерлерге - 60 жаста, әйелдерге - 58 жаста.

АҚШ, Италия және Израильде ерлер зейнетке кеш шығады (67 жаста), Италияда әйелдер 67 жаста, ал Ұлыбритания мен Австралияда 66 жаста шығады.

Оңтүстік Корея және Сингапурда ерлер ұзақ өмір сүреді. Ал Қытай және Оңтүстік Кореяда әйелдер 25-24 жас ұзағырақ өмір сүреді.

Бразилияда зейнетке шыққан ерлер, Үндістанда әйелдер аз өмір сүреді.

Әр елдің зейнеткерлері қанша өмір сүреді

Ел

Халықтың өмірсүру ұзақтығы

Зейнеттік жасыт

Зейнеткерлер қанша жыл өмірсүреді

Ерлер

Әйелдер

Ерлер

Әйелдер

Ерлер

Әйелдер

Қазақстан

70

77

63

60

7

17

АҚШ

74

80

67

65

7

15

Канада

80

84

65

65

15

19

Бразилия

71

79

65

62

6

17

Чили

77

83

65

60

12

23

Италия

81

86

67

67

14

19

Германия

78

83

65

65

13

18

Франция

78

84

62

62

22

16

Ұлыбритания

78

82

66

66

12

16

Норвегия

77

83

62

62

15

21

Швейцария

81

85

65

64

16

21

Түркия

75

81

60

58

15

23

Израиль

81

84

67

62

14

22

Сингапур

82

83

65

62

17

21

Австралия

79

84

66

66

13

18

Үнді

69

72

60

60

9

12

Жапония

81

85

65

65

16

20

Оңтүстік Корея

80

86

62

62

18

24

Кытай

74

80

60

55

14

25

Ресей

68

78

60

55

8

23

Ашық ақпарат көзінің мәліметтері

 

Зейнет жасын не үшін көтереді

Соңғы онжылдықтарда кейбір елдерде зейнет жасын жыл сайын көтеру үрдісі пайда болды. Франция, Кытай, Ресейге теңдес, бұл реформа Қазақстанда да енгізілді. Қазір елімізде ерлер зейнетке 63 жаста, ал әйелдер 60 жаста (2021ж.) шығады. Заңға сәйкес, әйелдердің зейнеттік жасы жыл сайын 10 жыл ішінде 6 айға дейін өсіп отырады (2027 жылға дейн).

Реформаның ең басты себебі, өмір сүрудің ұзақтығы (дүниежүзінде 70 жыл ішінде өмірсүрудің орташа ұзақтығы 23 жасқа дейін ұлғайды), сонымен қатар, зейнеткерлер саны өсті және еңбекке қабілетті халық саны азайды. Бұл тұтас алғанда, экономикалық проблемаларға, ЖІӨ өсу серпінін төмендетуге және халықтың тұрмыстық жағдайының нашарлауына апарады.

Зейнет жасын көтерумен қоса, басқа да өзгерістер пайда болды, атап айтқанда, ерікті жинақтаушы зейнетақы бағдарламалары. Оларды әлеуметтік қорлар, сақтандыру компаниялары  және өзге де жекеше қаржылық ұйымдары ұсынуда. Олар: АҚШ, Канада, Бразилия, Германя, Италия, Швейцария Ресейде және басқа мемлекеттерде бар. Олардың маңызды ерекшеліктері, адамдарға зейнет жасына келмей тұрып, қомақты зейнетақы төлемдерін алуды қамтамасыз ету. Қазақстанда – бұл қалыптастырылған зейнетақылық аннуитеті.

«Аталған бағдарлама бойынша, қазақстандықтардың 45 жастан бастап, өмірді сақтандыру компанияларымен Шарт жасасу мүмкіндіктері пайда болды. Ресми зейнет жасына келмей тұрып, ерлер төлемдерді 55 жасынан бастап, ал әйелдер 52 жастан алуларына болады (2027 жылдан бастап, алу жасы 55 дейін көтеріледі), - деп, түсініктеме берді Freedom Finance Life ӨСК.