• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Хоккей 28 Желтоқсан, 2021

Даррен Диц «Барыстан» неге кетті?

257 рет
көрсетілді

ҚХЛ-да трансферлік терезе жабылды. «Барыс» командадан шығып кеткен Даррен Дицтің орнына басқа спортшыны алмады, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Баспасөз конференциясы барысында «Барыс» президенті Борис Иванищев команда капитанының кету себебі туралы сұраққа жауап бермеді.

«Даррен «Барысқа» және қазақ спортына көп жұмыс істеді. Ол - біздің хоккейдегі көрнекті тұлға, бірақ оған және біздің клубқа ары қарай жылжудың уақыты келді. Соңғы уақытта оған және оның хоккейден тыс өміріне көп көңіл бөлінді. Команданың басқа ойыншылары да өздерін көрсететін уақыт келді, біз осындай шешімге келдік», деді Борис Иванищев.

Еске сала кетсек, ЦСКА мен «Барыс» хоккей клубтары спортшылармен өзара алмасып, оның аясында Қазақстан құрамасының қорғаушысы Даррен Диц мәскеулік команданың қатарын толықтырды.