• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Жекпе-жек 28 Желтоқсан, 2021

Конор ешқашан шайқастан қашқан емес – Дана Уайт

279 рет
көрсетілді

UFC президенті Дана Уайт ирландиялық аралас жекпе-жек шебері Конор Макгрегордың кәсіби мансабына қатысты жеке пікірін білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz championat.com-ға сілтеме жасап.

«Мен мыңдаған спортшымен жұмыс істедім. Олардың көпшілігі: «Бұл шайқас дәл қазір маған қажет емес» деген пікірді ашық айтып жүрді. 2015 жылы Жозе Альдо жекпе-жектен бас тартқан кезде Конор: «Кіммен болса да шайқасқа шығуға дайынмын. Жаттығуымды жалғастыра беремін. Қарсылас табылған уақытта маған қоңырау шал» деді.  

Нейт Диазға қарсы октагонға шығатын кезде де оның жоспардағы шайқасы өтпейтін болды. Сонда Конор: «Ендеше Нейтке қарсы шығамын. Бұл жекпе-жек аралық салмақта емес, Нейт Диаздың салмағында өтеді. Егер мен оның салмағында төбелеспесем, бәрі бекер» дегенді алға тартты.  

Қысқасы, Конор Макгрегор аралас жекпе-жек әлемінде орны бөлек спортшы. Ол ешқандай шайқастан қашқан емес», дейді Дана Уайт.