• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 29 Желтоқсан, 2021

Андраде Әлімханұлымен кездеспеуге тырысады – Сарапшы

233 рет
көрсетілді

Boxingnews24.com тілшісі Марк Шрамм WBO тұжырымы бойынша орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы, америкалық боксшы Деметриус Андраденің міндетті қарсыласы Жәнібек Әлімханұлымен кездеспеуге тырысатынын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ақиқатқа тура қарасақ, Деметриус Андраде екінші орта салмақ дәрежесіне көтерілуі тиіс. Сондай қадамға бару арқылы ол аталмыш салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы Сауль Альвареске міндетті қарсылас атана алады. Ол екінші орта салмаққа көтерілсе «Канело» онымен кездесуі немесе WBO белдігінен бас тартуы тиіс. Қалай болған күнде де екінші орта салмақ дәрежесі оған ыңғайлы.

Деметриус Андраде орта салмақ дәрежесінде қала берсе, өзіне тиесілі чемпиондық белдікті міндетті қарсыласы Жәнібек Әлімханұлына қарсы шайқаста қорғауы керек. Жәнібек – өте қауіпті боксшы. Сондықтан да Андраде ондай тәуекелге бармайтын шығар. Ыңғайлысы – келесі салмаққа өту», дейді журналист өз ойын түйіндеп.