• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 29 Желтоқсан, 2021

Қостанайда бюджет қаржысын жымқырған шенеунік сотталды

268 рет
көрсетілді

Қаржылық мониторинг агенттігі 2018 жылдан бастап 2019 жылға дейін Қостанай облысында мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 161 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған топты анықтады, деп хабарлайды  Egemen.kz.

«АӨК субъектілеріне жайылымдарды суландыруға арналған инвестициялық шығындардың бір бөлігін мемлекеттік бағдарлама шеңберінде ЖШС басшысының қатысуымен бір топ қылмыскер 161 миллион теңге жымқырған. Мемлекетке аса ірі мөлшерде залал келтірген. ЖШС басшысы күн панельдерінің құнын 94,4%-ға, яғни екі есе қымбат көрсеткен. Іс сотқа жолданды», делінген агенттік таратқан хабарламада.