Бүгін Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров шұғыл жиын өткізіп, мектептер мен балабақшаларда жанжалдарға жол бермеу үшін түбегейлі шаралар қабылдауды тапсырды.
Е.Бабақұмаров Білім басқармасының басшысына білім беру ұйымдарында зорлық-зомбылықтың алдын алу, анықтау және назарда ұстауға қатысты ұйымдастырушылық-басқару шараларын әзірлеуді, қабылдауды және ақпараттық-ағартушылық жұмыс жүргізуді тапсырды.
Шаралар легі мектептер мен балабақшалардың басшылығы мен педагогикалық ұжымдары ата-аналармен, балалармен, жоғары тұрған органдармен және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі әріптестік ұйымдармен, сондай-ақ ҮЕҰ-мен тығыз ынтымақтастықта іске асыру қажет.
Алматы әкімінің орынбасары Е. Бабақұмаров білім беру ұйымының әлеуметтік-психологиялық ахуалына талдау жасау және зорлық-зомбылық қатынастарында басшылықтың, оқытушылар құрамының, студенттер мен ата-аналардың жалпы саясатын әзірлеу қажеттігін тапсырды.
Сонымен қатар, нормативтік құжаттарды, мінез-құлық ережелерін, лауазымдық нұсқаулықтарды, іс-қимыл алгоритмдерін әзірлеу және қабылдау, зорлық-зомбылық жағдайларын болдырмауға, анықтауға және ден қоюға жауаптыларды тағайындау міндеттелді.
Білім беру ұйымын психологиялық қолдау қызметін реформалауға және зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге, құқық бұзушылар мен куәларға көмек көрсету үшін әріптестік ұйымдарды және олармен өзара іс-қимыл тетіктерін айқындауға ерекше назар аудару қажет.
Сол сияқты Білім беру басқармасына білім беру мекемелерінің жайлылық, инклюзивтілік және қауіпсіздік деңгейіне тұрақты мониторинг жүргізу жүктелді.
Сондай-ақ, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтарын қорғау мәселелерінде аудан әкімдері орынбасарларының, білім басқармасы қызметкерлерінің, аудандық білім бөлімдері басшыларының және білім беру ұйымдары басшыларының жауапкершілігін күшейту тапсырылды.
Е. Бабақұмаров аталған шаралар зорлық-зомбылық және оның салдары туралы хабардар болуды арттыруға бағытталғанын атап өтті. Бұл ретте деструктивті көріністерге қарсылықтың тиімділігін арттыруға, оның ішінде жеке және әлеуметтік дағдылар мен педагогикалық құзыреттерді дамыту арқасында оқыту бойынша жұмыс жүргізу қажет.