• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Бокс 30 Желтоқсан, 2021

Мейірімнің қарсыласы анықталды

307 рет
көрсетілді

Келесі жылдың 22 қаңтарында Ақтауда кәсіпқой бокс кеші өтеді. Сол жарыста Қазақстанның және шет мем­лекеттерден келген бірқатар таны­мал былғары қолғап шеберлері өнер көрсетеді.

Отандық Adal Promotions компаниясының ұйымдастыруымен өткелі отырған дүбірлі додада 28 жастағы Мейірім Нұрсұлтанов та күш сынасады. Бұл есім жанкүйерлерге жақсы таныс. Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының тумасы кезінде жастар арасында Азия біріншілігінің жеңімпазы және ересектер арасында ел чемпионы атанды. 2016 жылдан бері Нұрсұлтанов кәсіпқой рингте жұдырықтасуда. Осы аралықта 15 кездесу өткізген қандасымыз барлығында жеңіске жетіп, сегіз бәсекені мерзімінен бұрын аяқтады.

Мейірімнің де қарсыласы да осал емес. 36 жастағы ресейлік боксшы Андрей Сироткин 21 мәрте шаршы алаңға көтеріліп, 19 рет жеңіске жетті. Жеті бәсекеде айқын басымдық танытты. Бір рет ұтылып, тағы бір кездесуде тең есеп тіркелді. Осыдан төрт жыл бұрын Сироткин өз елінде Никарагуаның атақты боксшысы, әлемнің экс-чемпионы Рикардо Майорганы ұтқан. Бұл жекпе-жекте орта салмақтағы WBO International нұсқасының алтын белбеуі сарапқа салынады.