• RUB:
    5.03
  • USD:
    492.22
  • EUR:
    529.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Желтоқсан, 2021

Павлодар облысында бюджет қаржысын жымқырған шенеунік ұсталды

157 рет
көрсетілді

Павлодар облысында сыртқы желілерді тарту және тұрғын үй кешенін абаттандыру жұмыстары кезінде қаржы жымқырылғаны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, Павлодар облысы бойынша аумақтық департамент қызметкерлері Павлодар қаласындағы «Сарыарқа» тұрғын үй кешеніне сыртқы желілерді тарту және абаттандыру кезінде, сондай-ақ Ленинск қаласындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу кезінде қаражы жымқырылғанын анықтаған.

«А. Ахметов бюджет қаражатын жымқыру мақсатында 2016-2017 жылдары «АзияСпецСтрой» ЖШС, «Ман-Қожа» ЖШС және «Репер-СК» ЖШС-ны алып, оларды басқа тұлғалар атына тіркеп, кейін осы кәсіпорындар атынан мемлекеттік сатып алуға қатысқан. Ахметов алдын ала сөз байласу арқылы Бекеевпен, Күлтұмановпен, Сағынаевпен және Ғаббасовпен мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша орындалған жұмыстардың іс жүзінде орындалмаған актісіне қол қойып, осылайша мемлекетке жалпы сомасы 59 миллион теңгеден аса залал келтірілді», делінген хабарламада.

Баспасөз қызметі мәліметінше, Ахметов сегіз жылға, Бекеев үш жылға, Күлтұманов, Сағынаев және Ғаббасов екі жылдан үш жылға дейін бас бостандығын шектеуге сотталған.

 

Соңғы жаңалықтар