• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 30 Желтоқсан, 2021

Дэвисті командасы қауіпті қарсыласпен шығармайды – Василий Ломаченко

216 рет
көрсетілді

Уақытында кәсіпқой рингте үш салмақта әлем чемпионы атағына қол жеткізген украиналық кәсіпқой боксшы Василий Ломаченко жеңіл салмақ дәрежесіндегі мықтылардың бірі Джервонта Дэвистің кәсіби мансабына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Mayweather Promotions оны анық жеңетін боксшылармен шығарып жүр. Бұл боксшы үшін жақсы деуге келмес. Өйткені мықтылар мықтылармен кездесуі керек», дейді ол.  

Василий Ломаченко Джервонта Дэвистің командасы таңдаған жолға қарап, екеуінің шаршы алаңда кездесе қоятындығына сенбейтінін жеткізді. Ол мұндай шайқас жақын арада ұйымдастырылуы мүмкін емес деп есептейді.