Қазақстанда мереке қарсаңында полиция жұмысы күшейтіледі. Сонымен қатар Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға Жаңа жылды қалай қауіпсіз өткізуге болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Полицейлер тұрғындар қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету, сондай-ақ құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша кешенді шаралар қабылдап жатыр. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қолданылады.
ІІМ кеңесі:
мереке күндері есіктердің барлық құлпын жабу қажет; қонаққа кеткенде, көршілеріңізден үйіңізге қарап қоюды сұраған жөн; кіреберістегі есіктер мен құлыптарға қарап жүрген бейтаныс адамдарды көрсеңіз, полицияға хабарласу керек; пәтерге бейтаныс адамдарды кіргізбеу керек; сатып алған заттарды автомобильдің жүксалғышына салып жатқанда, сөмкелерді салонда қараусыз қалдырмаңыз; көлік құралын тұрақта қалдырған кезде есіктер мен терезелер жабық екенін тексеріңіз; жарақаттар мен өрт болмауы үшін пиротехникалық заттарды пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет.