• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Қазақстан 31 Желтоқсан, 2021

Үш өңірде тұман түсіп, көктайғақ болады

336 рет
көрсетілді

Синоптиктер еліміздің үш өңірінде қолайсыз ауа райы болатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Атырау қаласында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында 15-20 м/с күшейеді. Түнде және таңертең тұман күтіледі.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстік-батысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында 15-20 м/с күшейеді.

Соңғы жаңалықтар