• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 01 Қаңтар, 2022

Жапония ағаштан жасалған жерсерікті ғарышқа ұшырады

541 рет
көрсетілді

2023 жылы Жапонияда ағаштан жасалған алүашқы жерсерік ұшырылмақ. Бұл туралы жұма күні Kyodo агенттігі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жапондық мамандардың айтуынша, ғарыш аппаратын 10 сантиметрлік кішігірім шаршы ретінде жасау жоспарланып отыр. Жерсеріктің сыртқы қабаты ағаштан жасалмақ. Оның сыртына күн батареялары, ал ішіне антенна қосылған электрондық жабдық орнатылады.

Ақпан айында Жапонияның аэроғарыштық зерттеулер агенттігінің ғарышкері Такао Дои ғарышта ағаш сүрегін сынап көреді. Ол Халықаралық ғарыш станциясындағы зерттеу модулінің сыртына ағаштың бірнеше түрінен жасалған панельдер бекітеді. Олар ашық ғарышта шамамен тоғыз айға қалдырылады.

Жапондық мамандардың ойынша, жерсеріктерді ағаштан жасау арзанға түседі. Қазіргі қолданыстағы жерсеріктер аллюминийден жасалған.

Киото университетінің профессоры Доидің айтуынша, жоспар жүзеге асырылса, ғарышқа қызығушылық танытқан балалардың өзі жерсерік жасай алатын болады. Жерсерікті жасаумен Киото университеті мен Sumitomo Forestry компаниясының мамандары айналысып жатыр.