• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Қаңтар, 2022

Атырау мұнай өңдеу зауытында бірнеше қондырғының жұмысы тоқтайды

993 рет
көрсетілді

Кәсіпорынның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, зауытта төрт қондырғы биылғы 3 қаңтардан бастап жұмыс істемейді.

Зауыттағы ЭЛОУ-АВТ-3, CCR, КУ ГБД мен Parisom қондырғысының жұмысы жоспарлы түрде 9 күнге тоқтатылады

«Бұл қондырғылардың жұмысы жоспарлы алдын алу жұмыстары кестесіне сай, былтырғы жылдың қыркүйек айында тоқтатылуы тиіс еді. Алайда, Қазақстан Республикасының ішкі нарығын стратегиялық мұнай өнімдерімен, атап айтқанда, дизель және автомобиль отынымен қамтамасыз ету қажеттілігін назарға алынып, Энергетика министрлігімен, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-мен алдын ала келісілген жоспарлы-алдын алу жұмыстарын 2021 жылғы қыркүйектен 2022 жылғы қаңтарға ауыстыру туралы шешім қабылданды. Биылғы қаңтарда «АМӨЗ» ЖШС-нің төрт технологиялық қондырғысында өнеркәсіптік қауіпсіздік нормаларын сақтау шеңберінде статискалық жабдықты диагностикалау, инспекциялау және динамикалық жабдықтың жұмысын тексеру, сондай-ақ 3 технологиялық қондырғыдағы катализаторларды ауыстыру көзделген», деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қзыметі.

Осы кезеңде барлық жоспарланған іс-шараны іске асыру үшін «ҚазТурбоРемонт» БК» ЖШС-нің Атырау филиалы, «НефтеСтройСервис», «IQS Engineering», «Gold Sunray», «Интра», «РМУ-Шымкент», «Техноконтроль», «ИнжПромКомпани», «ОргНефтеХим», «Buchen Industrial Service», «Catalyst Service», «AVC», «Еuroslot», «Axens» және «UOP» серіктес компанияларды тарту жоспарланып отыр.

Ал, 4 технологиялық қондырғыда жоспарлы-алдын алу жұмыстары кезінде қалған өндірістер бекітілген өндірістік жоспарға сәйкес өнімді шығару, жөнелту штаттық режимде жұмыс істеуді жалғастыратын болады.