Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Үндістанның Мумбаи қаласында ITF W25 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан теннис федерациясы хабарлағандай, Ж.Құламбаева латвиялық Диана Марцинкевичпен финалда осы жарыстың 1-ракеткалары, тағы бір қазақстандық Анна Данилина – украиналық Валерия Страховамен чемпиондық атақты сарапқа салды.
Бірінші партияда Жібек пен Диана 6:3 есебімен басым түсті. Екіншісінде Анна мен Валерия есе қайырды – 6:4. Супер тайбрейкте Ж.Құламбаева мен Д.Марцинкевич жеңісті қолдан жұлып алды – 10:6. Осылайша Жібек жұптық сында ITF турнирлеріндегі 14-інші, биылғы алғашқы титулына қол жеткізді.