Батыс Қазақстан облысында қолайсыз ауа райына байланысты республикалық жол жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, «ҚазАвтоЖол» ҰК« АҚ БҚО филиалының мәліметі бойынша 1 қаңтар күні жергілікті сағат 20:30-дан бастап республикалық маңызы бар Самара-Шымкент (266-392 км, Подстепныйдан Жымпиты ауылына дейін) жолында барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды.
Жолдың жабылу себебі - жолдың көрінбеуі, сулы қар мен боран.