• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 02 Қаңтар, 2022

Отшашу кезінде полиция қызметкері қайтыс болды

399 рет
көрсетілді

Ресейдің Рязань облысының Захаровский ауданында отшашу кезінде Мәскеудің Шығыс әкімшілік округі бойынша ішкі істер басқармасының Экономикалық қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкері қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Анықталғандай, ол жаңа жыл түнінде жанұясымен бірге далаға шығып, фейерверк атқан. Отшашу жағу кезінде жарылыс болып, соның салдарынан полиция қызметкері бас сүйегінен жарақат алып, оқиға орнында қайтыс болды.

Қайтыс болған ер адам ішкі істер органдарында 2003 жылдан бері жұмыс істеген.