Мерекелік демалыс күндерінде теміржолшылар көлік полициясы және әскерилендірілген темір жол күзеті қызметкерлерімен бірлесіп, профилактикалық қауіпсіздік рейд өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
3 күн ішінде 128 тәртіп бұзушы анықталды, олардың 53-і белгіленбеген орындарда темір жолды кесіп өткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 700 азаматқа түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оларға жадынамалар табысталды.