• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 05 Қаңтар, 2022

Президент жаппай наразылыққа кімдер кінәлі екенін айтты

1798 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі жаппай наразылық шеруіне кінәлілерді атады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Президент еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға қатысты өткізген кеңесте мәлімдеді.

«Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде қалыптасқан күрделі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайға тоқталып, сұйытылған газ бағасының артуына байланысты халықтың наразылығын тудырғаны үшін үкімет, соның ішінде Энергетика министрлігі, сондай-ақ «Қазмұнайгаз» бен «Қазақгаз» кәсіпорындары кінәлі екенін айтты», делінген Ақорда таратқан хабарламада.

Президент Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай енгізілгеннен кейін ахуал біртіндеп түзелетінін атап өтті. Сондай-ақ жағдайды тұрақтандыруға қатысты тапсырмалар берілгенін мәлімдеді.