• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Қаңтар, 2022

Алматыда жедел-жәрдем көліктері бүлініп, қызметкерлер зардап шекті

418 рет
көрсетілді

Алматы қаласындағы жаппай тәртіпсіздік медицина қызметкерлерінің жұмысына кедергі келтіріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Заңсыз әрекетке барғандар жедел жәрдем көлігінің қызметіне кедергі жасап, медицина қызметкерлерінің дұрыс жұмыс істеуіне мүмкіндік бермей, зиян тигізуде. Бұл туралы Алматы қаласы Комендатурасының ақпараттық орталығы мәлімет таратты.

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасы келтірген деректерге зер салсақ, тәртіп бұзушылар емханалар мен ауруханаларға еркін кіріп, медицина мекемелерінің мүліктеріне айтарлықтай зиян келтірген.

«Заңсыз әрекеттер нәтижесінде жедел жәрдемнің 5 қызметкері, оның ішінде 2 жүргізуші мен 3 медицина қызметкері зардап шекті. Зардап шеккендер қалалық стационарларға жеткізілді», делінген хабарламада.

Одан бөлек, 2 жедел жәрдем көлігі бүлінген. Сонымен қатар, қалалық кардиологиялық орталықта қабылдау бөлмесі мен клиникалық-диагностикалық бөлімшенің әйнектері сынған. Салдарынан №7 ҚКА қабылдау бөлмесіне пациентпен жедел жәрдем көлігінің қатынауы тоқтаған.

«Мұндай әрекеттердің салдарынан пациенттерге уақтылы медициналық көмек қиын. Азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіреді», делінген қоғамдық денсаулық басқармасының хабарламасында.