ҚР Президенті еліміздегі орын алған жағдайға байланысты бірнеше өңірге төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Ақмола, ШҚО, БҚО, СҚО, Қарағанды, Қостанай, Түркістан, Ақтөбе облыстарымен қоса Шымкент қаласына да азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында 2022 жылғы 5 қаңтар мен 2022 жылғы 19 қаңтардағы 00 сағат 00 минут мерзімі кезеңінде шекараларында төтенше жағдай енгізілді.