Берік Құнанбаев ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары және «А» Арнаулы мақсаттағы қызметінің директоры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Мемлекет басшысының өкімімен Берік Садықұлы Құнанбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – «А» Арнаулы мақсаттағы қызметінің директоры лауазымына тағайындалды», делінген құжатта.