Елімізде ҰБТ тапсыру, магистратура мен докторантураға құжаттарды қабылдау мерзімі кейінге шегерілді. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі хабарлады.
Қаңтар айындағы ҰБТ-ға қатысуға өтініштерді қабылдау 21 қаңтарға дейін ұзартылды (Бұған дейін өтініштерді қабылдау 24 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығында белгіленген еді);
ҰБТ 25 қаңтар мен 22 ақпан аралығында өтеді (Осыған дейін 100 мыңға жуық адам құжаттарын тапсырған);
Магистратура мен докторантураға құжаттарды қабылдау және қабылдау мерзімі 24 қаңтарға дейін ұзартылды.
t.me/atamekenbusiness_qaz