Еліміздің аумағында жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін ұсталғандар саны 4404 адамға жетті. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі жедел штабы хабарлады.
«Еліміздің бірқатар өңірінде құқық қорғау органдары қылмыскерлерді анықтау және ұстауға бағытталған жедел іс шараларды жалғастырып жатыр. Осы сағатта ұсталғандардың саны 4404 адамды құрап отыр», делінген ҚР Ішкі істер министрлігі жедел штабының ақпаратында.
Бұған дейін 4266 адам ұсталды, олардың арасында шетел азаматтары бар. Алматы облысы ауылдарының бірінде 100-ден астам адам ұсталған.
Алдын ала мәлімет бойынша, көршілес мемлекет азаматтары ұсталды.