Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде 1300-ден астам полиция қызметкері мен әскери қызметші зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар24» телеарнасына сілтеме жасап.
«5 қаңтар күні Алматыға бір уақытта 20 мыңға жуық адам келді. Олар талапқа сай қаруланған және ұйымдастырылған болатын.
Жалпы тәртіпсіздіктер салдарынан 1300 - ден астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның, Қорғаныс министрлігінің, сондай-ақ арнайы органдардың әскери қызметшілері зардап шекті», делінген телеарна хабарламасында.