Шымкент қаласында жаппай тәртіпсіздік жасады деген күдікпен 400-ден аса адам ұсталғаны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұсталғандардың 155-не қатысты әкімшілік, 50-не қатысты қылмыстық іс қозғалған. Тәртіпсіздікке қатысқандардың 40-50 пайызы шымкенттіктер болса, қалғаны Қазақстанның басқа аймақтарынан келгені анықталды.
«Бейбіт шеру ретінде басталып, тәртіпсіздікке ұласқан наразылық акциясы кезінде 17 тәртіп сақшысы түрлі деңгейде жарақат алған. Төрт адамның жағдайы ауыр, қаза болғандар тіркелмеген. Сонымен қатар, 57 полиция автокөлігі толық жанып кеткен. Бүгінде мәдени нысандар мен шағын бизнеске келтірілген шығын көлемі нақтылануда. Алдағы 10 күнде белгілі болып, Үкіметте құрылған арнайы комиссияға ұсынамыз», деді қала әкімі Мұрат Әйтенов.