Жақын арада ауқымды антитеррористік операция мәресіне жететін болады. Бұл туралы Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің кезектен тыс сессиясында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Жақын арада терроризмге қарсы ауқымды операция аяқталады, ал онымен бірге ҰҚШҰ контингентінің миссиясы да аяқталады. Ең бастысы, болашақта мұндай оқиғалардың Ұжымдық қауіпсіздік кеңістігінде қайталануына жол бермеу. Менің ойымша, бұл біздің жақын болашақтағы негізгі міндетіміз. Қазақстан бұл жұмысқа дайын және әрқашан одақтастарына қолдау көрсетеді», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.