• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Қаңтар, 2022

Алматыны қалпына келтіру жұмыстары басталды

340 рет
көрсетілді

Жаппай тәртіпсіздік салдарынан Алматының талай көшесі бүлінгені мәлім. Бүгін Алматы қалалық штабы шабуыл кезінде қираған жол инфрақұрылымын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқаны туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мамандар мегаполистегі көшелердің жағдайын жан-жақты бағалады. Алматыда екі мың жерде жолға төселген тастардың бөлшектеліп кеткені нақтыланды. «Алматы Арена», Республика алаңы, Назарбаев даңғылы, Достық, Сәтбаев көшелері бүлінген. Бүгінде оқиға салдарын жоюға 80 жұмысшы, 30 арнайы техника жұмылдырылған.

Сонымен қатар 120-дан аса жол белгілері бүлінгені анықталған. Олардың 80-і қалпына келтірілген. Мегаполисте қираған бағдаршамдарды орнына қою жұмыстары қарқын ала бастады. 40 бағдаршамның 15-і кеше қалпына келтірілді. Бүгін 7 бағдаршамға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланды.