Алматы қалалық ХҚКО-лары 11 қаңтардан қызмет көрсете бастады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тұтынушыларға паспорт пен жеке куәлік рәсімдеу, көші-қон қызметтерінен өзге барлық мемлекеттік қызмет қолжетімді. ХҚКО-лардың жұмыс кестесі дүйсенбі жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз.
ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің қызметкерлері басқа міндеттерді орындап жатқандықтан, әзірге еліміздегі барлық мамандандырылған ХҚКО-лар жұмысы тоқтап тұр.
Қазіргі таңда ХҚКО-лар тек Алматы облысында жұмыс істемейді.