• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Қаңтар, 2022

Атырауда коменданттық сағат талабын бұзушылар азаймай тұр

366 рет
көрсетілді

Атырау облысында коменданттық сағат талабын бұзған азаматтардың саны 121-ге жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысының коменданты, облыстық полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев осындай ақпарат таратты.

«Атырау облысында төтенше жағдай кезінде жарияланған коменданттық сағат талаптарын бұзған 121 дерек тіркеліп, әкімшілік іс қозғалды.

Жалпы арандатушылыққа жол бермей, күдікті деректер туралы мәліметтер болса, полицияға хабарлаған жөн. Сондай-ақ жалған ақпарат таратпаған дұрыс. Мұндай әрекет үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес, 3 жылдан 7 жылға дейін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған», деді Атырау облысының коменданты Қамза Үмбетқалиев.