Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының – Сыртқы істер министрінің м.а. Мұхтар Тілеуберді Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Төрағасы – Польша Республикасының Сыртқы істер министрі Збигнев Раумен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі мәлім етті.
Министр поляк әріптесін елдегі жағдай туралы, сондай-ақ Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы бітімгершілік күштерінің қатысуымен жүргізіліп жатқан терроризмге қарсы операция туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.
ЕҚЫҰ іс басындағы Төрағасы жақындағы қайғылы оқиғаларға байланысты Қазақстанға қолдау білдіріп, қаза тапқан қазақстандықтардың жанұяларына көңіл айтты және тез арада шиеленістің деэскалациясы мен елдегі жағдайдың тұрақтануын тіледі.
Сонымен қатар, тараптар екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.