• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Парламент 12 Қаңтар, 2022

Мәжілісте Түркі Академиясына қатысты құжат талқыланады

198 рет
көрсетілді

Парламент Мәжілісі «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркі Академиясы арасындағы Түркі Академиясын орналастырудың шарттары мен тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде құжатты талқылайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Аталған заң жобасы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркі Академиясы арасындағы өзара іс-қимыл тәртібін регламенттеу мақсатында әзірленді. Ратификациялауға ұсынылып отырған келісім Түркі Академиясының құқықтық субъектілігі мен құқықтық қабілеттігін және оның қызметкерлерінің құқықтық мәртебесін айқындайды. Әлеуметтік-мәдени даму комитеті құжат бойынша 2022 жылғы 26 қазанға дейінгі мерзімде қорытынды әзірлеуге дайын», деді Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы, депутат Дархан Мыңбай палатаның жалпы отырысында.