Бүгін аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, қазақтың ардақты ұлы, Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы Қонаевтың туған күні. Назарларыңызға еліне елеулі тұлғаның қанатты сөздерін ұсынамыз, деп жазады Egemen.kz
***
Дүние түске дейін киіз, түстен кейін мүйіз болып кетуі әп-сәтте.
***
Бүгінгі күн – кешегі күннің шәкірті.
***
Жалада шындық болмайды.
***
Адамға жазаның ең үлкені – жұмыссыз қалдыру.
***
Панам да ел, данам да ел. Соған арқа сүйедім, содан үйрендім.
***
Сенім – құдіретті күш: тауды да қозғайды.
***
Абыройдан ақ отау тіктім деген кісінің пенделігі аз болмайды.
***
Орынды сын ойлантпай қоймайды.