• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Медицина 12 Қаңтар, 2022

Елордада жедел жәрдем шақыратындар саны артты

458 рет
көрсетілді

Елордада жедел жәрдем қызметіне деген сұраныстың едәуір артқаны байқалды. Жедел жәрдем қызметіне күніне 2500 шақырту түсуде. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова айтты, деп жазады Egemen.kz.

«Елордадағы эпидемологиялық жағдайдың нашарлауына жаңа жылдағы қыдырыс пен карантин талаптарының сақталмауы себеп болып отыр. Осыған байланысты қазіргі уақытта жедел жәрдем мен мобильді бригадалардың қызметіне жүгіну көрсеткіші 2 есеге артты. Бұл күніне 2500 шақырту келіп түсетінін білдіреді. Мобильді бригада болса тәулігіне 1000-1200 шақырту алып отыр. Бүгінде елордада 5 мыңнан астам пациент амбулаториялық ем алып жатыр», деді Әлия Рүстемова қала әкімдігінде онлайн өткен баспасөз мәслихаты аясында.

Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары елорда тұрғындарын карантин талаптарын сақтауға және індетке қарсы вакцина алуға шақырды.

«Коронавируспен күресте вакцинаның тиімді екенін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Індетті еңсерудің жалғыз ғана жолы бар. Ол - сақтану және екпе алу», деп қосты ол.