• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Қаңтар, 2022

«Қазақтелеком» өсімақыны алып тастады

464 рет
көрсетілді

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі байланыс операторларымен бірге еліміздегі төтенше жағдай кезінде қазақстандықтарға қолдау көрсету үшін бірқатар іс-шара кешенін ұсынды.

Мәселен, «Қазақтелеком» жеке тұлғаларға қаңтар айында телекоммуникация қызметіне төлемақыны кешіктіргені үшін төленетін өсімақыны алып тас­та­ды. Сондай-ақ iD TV және TV+ цифрлы теледидар қызметі тіркелген интернет қызметін қолданушылардың бар­лығына интернет болмаған жағдайда да құрылғыда, қо­сымшада, tv.telecom.kz сайтында қолжетімді. Бүгінде аталған қызмет қазақстан­дық телеарналарды ретрансля­ция­лауда. Кейін TV+ сервисі басқа да операторлардың, сонымен қатар мобильді операторлардың желілерінде ұсынылады.

«Қазақтелеком» АҚ або­нент­теріне 31 қаңтарға дейін шек­теу­сіз қалааралық теле­фон шалуға, сонымен қа­тар еліміздегі байланыс опе­ра­торларының мобильді нө­­­мір­­леріне тіркелген қалалық нө­мір­­­лерге қосымша төлемсіз ха­бар­ласу үшін 1000 минут тегін таратты. «Кар-Тел» (Beeline Kazakhstan) АҚ-ның отан­дық телеарналар мен ойын-сауық контентін та­ма­­шалауға мүмкіндік бере­тін BeeTV сервисі де қол­жетімді, ал Beeline мобильді қосымшасында интернет бол­маса да «Мемлекеттік жаңа­лықтар» айдарында соңғы ақпараттарды көруге болады. Бұған қоса, Мем­лекет бас­шысының тапсырмасына сәйкес Beeline, Kcell, Activ, Tele-2, Altel байланыс операторлары барлық абоненттерге тегін 300 минут пен 200 SMS таратты.