Батыс Қазақстан облысында Төтенше жағдай режимі алынып тасталғанымен, блокбекеттер алынған жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы халықты БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі құлағдар етті. Жалпы өңірде Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес бүгін сағат 07.00-ден бастап төтенше жағдайдың күші жойылған.
Аймақта барлық шағын және орта бизнес нысандарының, сауда орталықтары мен базарлардың жұмысы реттеліп, банк филиалдары іске кірісті. Әуе қатынасы да қалпына келтірілді.
Әйткенмен, өңірде блокбекеттердің жұмысы сақталған. Мұндай шешім экстремистік және террористік іс-қимылды ұйымдастырушыларды анықтау және ұстау мақсатында қабылданған.