«Қызыл» аймаққа өткен Атырау облысында эпидемиологиялық ахуал шиеленісіп кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өңірдің денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарасақ, 10 қаңтар күні қауіпті вирустың белгісі 243 адамнан табылған екен.
«Коронавирус инфекциясын жұқтыру Атырау қаласында өршіп тұр. Мұнайлы қалада Covid-19 инфекциясының 193 жағдайы расталды. Ал, Теңіз кен орнында 30 науқас анықталды. Қызылқоға ауданында – 10, Құрманғазы ауданында 10 адам індетке шалдықты. Қауіпті вирустың симптомды белгісі 140 науқаста бар», делінген хабарламада.