• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
14 Наурыз, 2014

Ақпараттар ағыны

210 рет
көрсетілді

● Елімізде зейнетақыны көбейтуге 40 млрд. теңге жұмсалады. Бұл 1 сәуірден бастап 1,9 млн. адам зейнетақысының 12 пайызға артуына мүмкіндік береді. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың айтуынша, жекелеген санаттардағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар мен Семей полигонында зардап шеккендерге біржолғы ақшалай өтемақы да осынша мөлшерге ұлғаяды. ● Қазақстан мен Жапония арасында тікелей әуе қатынасы ашылуы мүмкін. Мұны Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Жапония Сыртқы істер министрінің орынбасары Синсукэ Сугиямамен кездесуден кейін мәлімдеді. ● Ертіс өзенінің Өскемен қаласындағы Жібек маталар шағын ауданы тұсындағы арнасына салынған көпір күрделі жөндеуден өткізіледі. Бұл үшін қала бюджетінен 6 млн. теңге қаржы бөлініп отыр. ● Ал Қызылордада Сыр­дария өзенінің үстіне 6 млрд. теңгеге тағы бір көпір салынады. Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың айтуынша, бұл Сыр бойындағы бас шаһардың дарияның екі жағалауына бөлініп орналасуының басы болмақ. ● Атырау кәсіпкерлері Ресей нарығына шыға бастады.  Кедендік одақ аясында түрлі шекаралық рәсімдеулердің алынып тасталуы екі ел кәсіпкерлеріне тиімді болып отыр. Бір ғана Астрахань облысының өзінде қазақстандық инвестициямен 20-ға жуық компания жемісті еңбек етіп жатыр. ● Қарағандыда заңсыз тексерістерге қарсы штаб құрылды. Кәсіпкерлер бұл жаңашылдықты қадағалаушы органдар өкілдерімен кездесуде білді. Бастама көтерген прокурорлар қаладағы сауда үйлерінің бірінде жылжымалы кеңес орталығын ұйымдастырды. ● Оңтүстік Қазақстан облысының Төле би ауда­нындағы Қасқасу шатқалында биыл тау шаңғысы курор­тының құрылысы басталады. Бұл жаңалық облыс әкімі Ас­қар Мырзахметовтің Сочи Олим­пиадасына қатысқан фристайлшыларды қабылдауы кезінде айтылды. Кездесу соңында аймақ басшысы спортшылар мен олардың жаттықтырушысына ақшалай сый­лық тапсырса, қала әкімі Дар­хан Сатыбалды Олимпиадада жақ­сы өнер көрсеткен Жанбота Алда­бергеноваға «Daewoo Matiz» авто­көлігінің кіл­тін табыс етті. ● Қостанайда спорт-сауық­тыру кешені ашылды. Осы­лайша соңғы 4 жылда облыс орталығында төртінші нысан қатарға қосылды. Оны салуға 750 млн. теңге жұмсалған. Ғимараттың жалпы аумағы 4250 шаршы метрді құрайды. BNews.kz, Nur,kz, Egemen.kz хабарлары бойынша дайындалды.
Соңғы жаңалықтар