• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Тағайындау 13 Қаңтар, 2022

Ақтөбе облысына жаңадан бас санитар дәрігер тағайындалды

456 рет
көрсетілді

Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева зейнет демалысына шығып, жаңа басшы болып Райхан Қойшанова тағайындалды.

Департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің гигиенист-эпидемиолог мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық станциясы лабораториясының бактериолог дәрігер болып бастады.

Қазіргі кезде осы саладағы еңбек өтілі - 27 жыл. Бұған дейін департаменттің бөлім басшысы қызметтерін, ал 2017 жылдан бастап Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары болды.