• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем 14 Наурыз, 2014

Қарусыздану – жаһандық қауіптің алдын алу

335 рет
көрсетілді

Женеваға сапары шеңберінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев Қарусыздану жөніндегі конференция (ҚК) пленарлық сессиясының жоғары деңгейлі сегментіне қатысты, деп хабарлады аталған ведомствоның баспасөз қызметі.

ҚК Жоғары сегмент қаты­сушыларының алдында сөйлеген сөзінде Е.Ашықбаев ҚК жұмысы бағдарламасының шеңберінде Қазақстан үшін төрт басым ба­ғытқа: барлығына ортақ ядро­лық қарусыздану, әскери мақ­сат­та бөлшектемелі материалды өндіруге тыйым салатын келі­сім­ді жа­сау және қол қою, ға­рыш­та қа­рулану жарысына жол бер­меу жә­не ядросыз елдерге қауіп­сіздіктің кері кепіліне назар аударды.

Бұл ретте Қазақстан сыртқы саясат ведомствосы басшысының орынбасары Ядролық сынақтарға толық тыйым салу туралы келісімді әлемнің барлық елдерінің мойындауы ядролық қарусызданудың маңызды шарттарының бірі болып табылатынын атап өтті. Бұл орайда 2009 жылы БҰҰ Бас Ас­самблеясының 29 тамызды Яд­ролық сынақтарға қарсы халық­ара­лық іс-қимыл күні деп жария­ла­ған қазақстандық қарарды қа­­был­дауы аталған келісімнің мін­­дет­теріне толық сәйкес келетіні атап көрсетілді.

Е.Ашықбаевтың БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жо­ғар­ғы Комиссары Н.Пиллэймен, БҰҰ-ның Женевадағы бөлім­ше­сінің бас директоры міндетін атқарушы М.Мёллермен, БҰҰ бағдарламасының Еуропа үшін қоршаған орта жөніндегі Өңірлік өкілі Я.Дусикпен, Көші-қон жө­ніндегі халықаралық ұйымның бас директоры У.Л.Свингпен, БҰҰ Оқу және ғылыми-зерттеу институтының атқарушы директоры С.Феган-Уайлспен және басқалармен екіжақты кездесулері өтті.

Соңғы жаңалықтар