• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Қаңтар, 2022

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Шымкент филиалы заңды өрескел бұзғаны анықталды

626 рет
көрсетілді

Бұған дейін, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің атына «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ы Шымкент өндірістік филиалының іс-әрекетіне қатысты 4 азаматтан өтініш келіп түскен, деп жазады Egemen.kz.

Департамент осы өтініштердің негізінде, «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын сақтау мәніне жоспардан тыс тексеру жүргізді.Жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Шымкент өндірістік филиалы берілген техникалық шарттарға сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарының аяқталғаны туралы ақпарат алып, реттеліп көрсетілетін қызметке қоспағаны туралы анықталды, бұл өз кезегінде «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24 және 26-баптарын өрескел бұзу болып табылады.Осыған байланысты, Департамент «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның ШӨФ-на қатысты Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 164-бабының 4-бөлігі бойынша 4 (төрт) әкімшілік хаттама толтырды және Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын бұзушылықтарды дереу жою туралы нұсқама енгізді.