Павлодар орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі қызметкерлері қыста орманға жемсалғыштар орнатып, оны шөппен, сыпырғышпен толтырады, деп жазады Egemen.kz «Астана» арнасына сілтеме жасап.
Еліктер мен бұғылар, жабайы қабандар сонымен қоректенуге келетін көрінеді. Мамандар, әсіресе, еліктердің жиі келетінін байқаған. Астаулар босаса, қайта толтырады. Жақында жергілікті шаруа мұздың астына түсіп кеткен бұғының төлін аман алып қалған. Жануар мұздан өтіп бара жатқан кезде құлап кеткен.