Орта салмақтағы IBF, IBO тұжырымдары әлем чемпионы, отандасымыз Геннадий Головкин WBA (super) белбеуінің иегері, жапониялық Риота Мурата командасының талабымен келісті, деп хабарлайды Egemen.kz sports.kz-ке сілтеме жасап.
Соңғы деректерге сенсек, жапониялық боксшының командасы жергілікті комиссияға жекпе-жекті сәуір айында ұйымдастыру туралы сұраныс хат жолдап қойған. Сондай-ақ Муратаның промоутері Головкинге командасындағы адамдардың санын 11-ден асырмауды өтінген. Өз кезегінде қазақстандық боксшы өтінішке түсіністікпен қараған.