Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қостанай, Қызылорда облыстары және Байқоңыр қаласы бойынша департаменттерінің жаңа басшылары тағайындалды. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
ҰҚК-ның Қостанай облысы бойынша департаментін Дуанбаев Айбар Аманбекұлы басқарады.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментін Қалмұрзаев Болат Аюбайұлы басқаратын болды.Бұған дейін Алмас Наймантаев Алматы облысы бойынша ҰҚКД басшысы, ал Нұрлан Кәрібжанов Жамбыл облысы бойынша ҰҚКД басшысы болып тағайындалғаны хабарланған болатын.