Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBC) биылғы конвенциясын Қазақстанда өткізетін болды, деп хабарлайды Egemen.kz ұйымның ресми сайтына сілтеме жасап.
«Бүкіләлемдік бокс ұйымы алпысыншы конвенциясын Қазақстанда өткізу туралы шешім қабылдады. Іс-шара Қазақстанда күзде ұйымдастырылады. Ұйым конвенцияның бокс спорты айрықша дамыған Қазақстанда өткенін толыққанды қолдайды. Азия құрлығындағы ең мықты бокс державасы біздің ажырамасы бөлшегімізге айналған», делінген хабарламада.